Лифтіде түкірген азаматқа айыппұл салынды

Бүгін, 15:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көпқабатты үйдің лифтін ластаған жергілікті тұрғынға қатысты істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот мәліметінше, азамат А. лифт ішінде басқару панеліне түкіріп, пайдалану ережелерін бұзған әрі тұрғындардың ортақ мүлкін былғаған.

Істі қарау барысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірген. Бұл жайттар сотпен жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды.

Соттың қаулысымен құқықбұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлігі («Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау») бойынша 39 320 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Тэгтер:

Айыппұл лифт Түкіру