Алматы облысында еліміздегі ең ірі бейнемониторинг жүйесі іске қосылды

Бүгін, 12:45 / Інжу Әлихан
ortcom.kz

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді. 2022 жылдан бері 69 жаңа мектеп және 6 жапсаржай салынды, сондай-ақ 55 мектеп күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Нәтижесінде соңғы үш жылда үш ауысымда білім беретін мектептердің саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды. Жыл соңына дейін тағы 6 мектеп ашылып, 20 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Денсаулық сақтау саласында 2022-2025 жылдар аралығында 55 нысан салынды. 6 млрд теңгеге 153 бірлік медициналық жабдық сатып алынды. 7 мәдениет үйі, 6 спорт кешені, мемлекеттік архив және өнер мектебі салынды. Өңірде креативті индустрияны дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта Нью-Йорк кино академиясының филиалы ашылды. Сүлеймен Демирел Университетінде жаңа инновациялық корпус өз жұмысын бастады. Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар бағытында оқыту мен зерттеулер жүргізуге арналған заманауи орталықта 1 100 студент білім алуда.