Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Бүгін, 12:28 / Алуа Арман
Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Саммитке Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қатысты. 

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Тэгтер:

ҰҚШҰ кеңес отырыс Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі