Жуалы аудандық соты ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі (отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы былапыт сөздер) бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мейрамханадағы үйлену тойы кезінде Т. жұбайынан ежелгі қазақ дәстүрі бойынша үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген, ал әйелі өз кезегінде өтінішті орындаудан бас тартқан. Әрі қарай, олар үйге оралған соң, азамат Т. әйелінің мінез-құлқына наразылығын білдіріп, оған қатысты былапыт сөздер айтқан.
Сотта құқықбұзушы Т. өзінің кінәсін толық мойындап, әйелінен шын жүректен кешірім сұрап және тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.
Жәбірленуші күйеуі қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін қайтарып алып кетуді дөрекі түрде талап еткенін түсіндірді. Сондай-ақ олда татуласуға байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Сот қаулысымен іс бойынша іс жүргізу тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты тоқтатылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.