Дзюдодан Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін, 12:05 / Інжу Әлихан
olympic.kz

Дзюдодан Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының соңғы тізімі жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған додада 14 қазақстандық балуан жүлдеге таласады. Соның ішінде 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та бар.

Ерлер

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан 

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев

73 келіге дейін: Есет Қуанов

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай

90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев

Әйелдер

48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова

57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева

63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

Турнир 28-30 қараша аралағында өтеді.