Жатар алдында тіс тазаламау неліктен қауіпті?

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Жатар алдында тіс тазаламау қызыл иектің қабынуына әкеледі. Ортодонт Альмудена Эрраис тек бір рет тіс тазаламай ұйықтау ауыз қуысына кері әсер ететінін айтады. Ол бұл туралы 20minutos басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz health.mail.ru-ға сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, тісті дәл ұйықтар алдында тіс тазалау таңғы гигиенадан да маңыздырақ.

«Күні бойы ауызда бактериялар мен тағам қалдықтары жиналады», – дейді Эрраис.

Маманның айтуынша, түнде тіс тазалаудың салдары – қызыл иектің қабынуы және таңертеңгі жағымсыз иіс.

«Түнде сілекей бөлінуі айтарлықтай төмендейді. Егер тіс тазаламай жатсаңыз, ауызда қалған бактериялар тағам қалдықтарымен қоректеніп, қышқыл бөледі. Ол тіс эмалін әлсіретіп, зақымдануға және кариеске алып келеді», – деп ескертті дәрігер.

Тэгтер:

тіс гигиена