Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласындағы «Ынтымак Ордо» резиденциясында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Президенттерді Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров күтіп алды.
Айта кетейік, кеше Бішкектегі ҰҚШҰ саммиті қарсаңында мемлекеттер басшылары «Ала-Арча» резиденциясында бейресми кездесу өткізген болатын.