AirPods енді сіздің тік жүруіңізді қадағалай алады

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

AirPods арқылы арқаны тік ұстауды бақылауға мүмкіндік беретін жаңа AirPosture бағдарламасы таныстырылды. Оны қытайлық әзірлеуші Аллен Ли жасап шыққан. Бағдарлама құлаққаптағы датчиктерден алынған ақпаратты талдап, пайдаланушының еңкейіп бара жатқанын анықтағанда бірден ескерту жібереді, деп хабарлайды turkystan.kz.

AirPosture AirPods 3 және одан кейінгі үлгілермен, AirPods Pro, AirPods Max, сондай-ақ кейбір Beats құлаққаптарымен жұмыс істейді. Бұл құрылғыларда кеңістіктік дыбыс үшін қолданылатын бас қалпының динамикалық трекингі жүйесі бар. Жаңа қосымша дәл осы мүмкіндікті осананы бақылауға бейімдеген.

Қосымша пайдаланушының мойын және арқаның жоғарғы жағын нақты уақыт режимінде өлшеп отырады. Егер адам көп еңкейіп кетсе, смартфонына нотификация немесе құлаққап арқылы дыбыстық белгі түседі. Сонымен бірге, күн сайынғы статистика сақталып, уақыт өте нәтижені бақылауға болады.

AirPosture-ге Apple Intelligence жасанды интеллект платформасы да интеграцияланған. Ол құрылғыда жергілікті түрде жұмыс істеп, мәліметтерді сыртқа жібермей, әр пайдаланушыға жеке кеңестер ұсынады.

Қазір бағдарламаTestFlight платформасында ашық бета-тестілеуден өтуде. Тестілеуге арналған орындар лезде толып қалған. Толық нұсқасы App Store-да 2025 жылдың аяғына дейін жарық көреді деп жоспарланып отыр.

Тэгтер:

AirPods тік жүру арқаны тік ұстау