Жаңалықтар

Субсидия кімге беріледі?

ашық дереккөзі

Субсидия кімге беріледі?

Субсидия бөлуде бәсекеге қабілетті шаруашылықтар басты назарға алынады деп жазады 24.kz . Сонымен қатар ортаңқол шаруалар да мемлекет қаржысынан құр қалмайды. Басымдық мақта, күріш пен майлы дақылдар егетін диқандар жағында. Ал егін шаруашылығында қайта өңдеуге өткізілген өнімге қарай көмек көрсетіледі. Құрама жем мал азығын дайындайтын шаруашылықтар да кедергісіз субсидия алады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы аграрлық саясат кеңесінің жиынында айтылды. 2021 жылға қарай субсидия алатындар санын 67 мыңнан 500 мыңға дейін артады деп жоспарланып отыр. Биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған қаржы көлемі 188 млрд теңгеге жетті. Сала мамандарының айтуынша, 65 субсидия түрінің 11-і жойылып, қалғанына өзгерістер енгізілмек. Төлеутай Рахымбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: - Бұрын критерий нормативтері жоғары болатын. Шаруалардың қолы жетпейтін. Қазіргі кезде өзімізде асылтұқымды малшаруашылықтары көбейді. Сондықтан біз одан да бет тарттық.