Ерке Есмахан мен RaiM дүбірлі той жасамақ

Бүгін, 20:04 / Өтей Торғайұлы

Бұл туралы Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жазды. Бірақ әзірге ол мұның қандай той екенін және қашан болатынын айтпады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұндай шешім жайында әнші кезекті отбасылық суреттерін желіге жүктегеннен кейін айтып қалды.

"Бұл суреттерде Исламның туған күнінен кейінгі біздің үйдің атмосферасы бейнеленген. Біз Жанұямыздағы кез келген мерекені тып-тыныш шаңырақ астында атап өткенді жақсы көреміз. Бірақ, болашақта үлкен бір той жасауға ниеттіміз", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары болса, әншінің әулетіне қатысты жылы лебіздерін жарыса жазды.

Тэгтер:

әнші Ерке Есмахан