Шығыс Қазақстанда ер адам 96 жастағы қарияның үйіне басып кіріп, ақша талап еткен

Бүгін, 17:49 / Алуа Арман
polisia.kz

ШҚО-да полицейлер қарияны тонамақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

17 қараша күні 96 жастағы жалғыз тұратын қарт әжейдің үйіне белгісіз адам заңсыз кіріп, ақша талап еткен.

"102" арнасы арқылы Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне пәтерлердің бірінде айғай-шу болып жатқаны жөнінде хабар түскен. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жеткен.

Тексеру барысында ер адамның терезе арқылы қарт әйелдің үйіне кіріп, күш көрсету арқылы ақша талап еткені белгілі болды.

Одан бөлек үй ішінен құнды заттарды іздей бастаған сәтте көршілердің дауысын естіп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Полицейлер жүргізген жедел шаралардың нәтижесінде Шемонаиха ауданының бұрын сотталған тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 

Тэгтер:

ШҚО қорқыту зейнеткер бопсалау қария