«Мәңгілік махаббат» әнін Мақпал Жүнісоваға арнап жаздым – Алтынбек Қоразбаев

Бүгін, 17:29 / Інжу Әлихан
коллаж: turkystan.kz

Композитор, әнші, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев «Мәңгілік махаббат» әнін Мақпал Жүнісоваға арнап жазғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мақпал халықтың сүйікті әншісі. Мақпалға кім қызықпады. Мен басында оның өзіне емес әніне қызықтым. Оған Жамбыл облысында облыстық филармонияның директоры болып жүргенде «Гүлдер-ай» ансамблімен келгенде көзім түсті. Өзімнің көп әнімді Мақпал орындады. Оның ішінде «Сағындым Алматымды», «Сағыныш саздары», «Сары жайлау» бар.

Ал «Мәігілік махаббатты» шынында Мақпалға арнап жаздым. Ішінде Мақпал деген сөз жоқ. Бірақ жүрегіммен Мақпалға арнап жазғаным рас. Ол оны орындады. Мақпал – біртуар әнші. Көп нарсе Мақпалға жарасады», - деді өнер иесі КешREC бағдарламасына берген сұхбатында. 

Тэгтер:

Мақпал Жүнісова ән Алтынбек Қоразбаев «Мәңгілік махаббат»