Доллар бағасы өсті

26 қараша, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшенген бағамы 518,68 теңгені құрап, 0,25 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 26 қарашаға арналған ресми бағамы – 518,4 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағамы – 518,44 теңге, сату бағамы – 520,16 теңге. Астанада долларды орташа есеппен 516,54 теңгеге сатып алып, 523,54 теңгеге сатады. Шымкентте доллардың сатып алу бағамы – 518,57 теңге, сату бағамы – 520,59 теңге.

Еске салсақ, 24 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,05 теңгеге өссе, 25 қарашада 1,52 теңгеге төмендеген болатын.

Тэгтер:

Доллар теңге биржа нарық қор бағам