Жамбылда білім бөлімі бухгалтерлерден 22 млн теңге өндірмек болған

Бүгін, 15:24 / Алуа Арман
istockphoto.com

2021 жылдан бастап Жамбыл облысы бойынша аудандық білім бөлімі басшысының бұйрығымен білім беру ұйымдарында 36 бухгалтер, экономист, іс қағаздарын жүргізушілерге қызмет көрсету аумағы кеңейтілген. Осыған байланысты оларға жалақысының 50 пайызы көлемінде үстемақы белгіленген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алайда, 2023 жылы аудиторлық тексеріс қорытындысы бойынша білім бөліміне 21,8 млн теңгені бюджетке қайтаруға міндеттелген.

Одан кейін білім бөлімі төленген үстемеақыны «артық» деп есептеп, орталықтандырылған бухгалтерия қызметкерлерінен бұл соманы өндіру туралы бұйрық шығарған.

 Қызметкерлер бұл бұйрыққа келіспей, сотқа шағым түсірген.

 Сот талқылауы барысында қосымша төлемдердің заңды түрде – Еңбек кодексіне, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің ішкі нормативтік актілеріне сәйкес төленгені анықталды.

Сот қызметкерлер алған сомалар олардың жалақысының бөлігі болып табылатынын және Азаматтық кодекстің 960-бабына сәйкес, егер төлем алушы теріс әрекет жасамаса, төлемдер қайтарылуға жатпайтынын атап көрсеткен.

 36 қызметкердің талап қоюы қанағаттандырылды.

 Жұмыс берушінің бұйрығы заңсыз деп танылып, күші жойылды.

Тэгтер:

теңге бухгалтер білім бөлімі өндіру