Екі күн бұрын Жамбыл ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде қойшы 700 қойымен бірге құмды аумақта адасып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Хабарлама түскен сәтте жедел түрде оқиға орнына шыққан полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде 24 сағатқа жетпей аудан орталығынан 200 шақырым жерде қойшы да, қойы да табылды.
- Түнде тоңып қалмау үшін ұйықтамауға тырыстым. Үш күнге жуық тамақ ішпегендіктен әлсіреп қалдым. Мені тапқан полиция қызметкерлері жағдайымды көріп, бірден жылы орынға апарып, айран мен нан берді. Алғысым шексіз, — деді шопан.