Жаңа зерттеу: көкөніс, жидек пен балық миға пайдалы

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Жаңа зерттеу көкөніс, жидек пен балық жеу когнитивтік қабілеттерді сақтауға көмектесетінін көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz psypost.org-ке сілтеме жасап. Ғалымдар Альцгеймер ауруын алдын алуға диетаның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Қытайдағы Гуанчжоудағы Хуаду аудандық халық ауруханасының зерттеушілері 50-75 жас аралығындағы 1 500 адамды бақылады: 750 сау және 750 Альцгеймер диагнозы қойылған науқас. Бес жыл бойы қатысушылардың рационы сауалнама мен мобильді қосымшалар арқылы қадағаланды, ал есте сақтау мен ойлау қабілеттері үнемі тексеріліп отырды. Сондай-ақ, қандағы және жұлын сұйықтығындағы Альцгеймерге байланысты биомаркeрлер, ми сканерлері зерттелді.

Нәтижелер көрсеткендей, көкөністер, жидектер, жаңғақтар және толық дәнді дақылдарға бай МИНД диетасын ұстанған қатысушылар есте сақтау және ойлау тестілерінде жоғары ұпай жинап, Альцгеймерге қатысты зиянды ақуыздардың деңгейі төмен болды. Сонымен қатар, ми қабатындағы қабыну азайып, гиппокамптың (ест сақтау орталығы) кішіреюі баяулады, кортикальды қабаттың жұқарып кетуі тежелді.

Ғалымдар атап өткендей, МИНД диетасы құрамында нейропротективті элементтер жидектер, көкөністер, толық дәндер көп болғандықтан аздап тиімдірек көрінді. Омега-3 май қышқылдары, полифенолдар және В дәрумендері де когнитивтік көрсеткішті жақсартуға әсер еткен. Тіпті APOE-ε4 генін тасымалдайтын адамдар да диетаны ұстанған жағдайда мидың деградациясының қарқыны баяулаған.

Зерттеу “The long-term neuroprotective effect of MIND and Mediterranean diet on patients with Alzheimer’s disease” деп аталатын ғылыми мақалада жарияланды.

Тэгтер:

балық көкөніс ми пайда жидек