Адам миы 30 жасқа дейін "жасөспірім" болады – Кембридж университетінің ғалымдары

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Кембридж университетінің ғалымдары адамның миы өмір бойы 5 кезеңнен өтетінін анықтады. Маңызды бұрылыс нүктелері – 9, 32, 66 және 83 жас. Бұл мәлімет 4 мың адамға жасалған сканерлеулер арқылы алынған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеушілердің айтуынша, миымыз 30 жасқа дейін жасөспірімдік фазада қалып, кейін «өсу шыңына» жетеді. Бұл зерттеу адамның өмір бойындағы психикалық денсаулық қатерлерін, деменцияны және ми құрылымының өзгерісін түсінуге көмектесуі мүмкін.

Мидың фазалары мынадай:

Ми өмір бойы "қайта құрылымданып", байланыстарын күшейтіп немесе әлсіретіп отырады. Кейбір адамдар бұл кезеңдерді ертерек немесе кеш бастан өткеруі мүмкін, бірақ зерттеулерде осы жас нүктелері айқын көрінді.

Профессор Дункан Астл ми құрылымының нейро-даму, психикалық және неврологиялық жағдайлармен тығыз байланысын атап өтті: «Ми байланыстарының ерекшелігі зейін, тіл, жады және әртүрлі мінез-құлыққа әсер етеді».

Эдинбург университетінің профессорі Тара Спайрес-Джонс зерттеудің «миымыздың өмір бойы қаншалықты өзгеретінін» көрсететінін және нәтижелердің ми қартаюын түсінуге сәйкес келетінін айтты, бірақ әр адамда бұл өзгерістер әр жасында бірдей болмауы мүмкін екенін ескертті.

Тэгтер:

Жасөспірім зерттеу ми