Теннисші Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Бүгін, 12:00 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Клуж-Напокеде (Румыния) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финал жолдамасы үшін бақ сынайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы аралас жұптық сында Мысыр өкілі Хана Годамен бірге өнер көрсетіп, ширек финалға өтті.

Олар 1/8 финалда жапониялық Казуки Ёшияма/Юна Оджио жұбынан басым түсіп, кездесуді 3:2 есебімен аяқтады.

Ширек финалда Құрманғалиев пен Года қытайлық Ли Хэчэн/Цинь Юйсюань жұбына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Алан Құрманғалиев U19 жас санатында өнер көрсетеді.

Тэгтер:

әлем чемпионаты теннис ширек финал Алан Құрманғалиев