Бейнеу ауылындағы бейнебақылау камералары патрульдік полиция көлігі мен азаматтық автокөліктің соқтығысу сәтін жазып алған. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, азаматтық көлікті 17 жастағы жасөспірім басқарған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Lada.kz жазуынша, жол-көлік оқиғасы 25 қарашада тіркелген. Жазбада Toyota Camry маркалы көліктің жоғары жылдамдықпен келіп, патрульдік автокөлікке қатты соғылғаны байқалады.
Полицияның хабарлауынша, жасөспірімнің ата-анасы кәмелетке толмаған адамға көлікті басқаруға рұқсат бергені және тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиға бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде.