Құшақтасып вальс билеген Олжас Абай мен Қайрат Әділгерей сынға қалды

Бүгін, 11:12 / Алуа Арман
Коллаж: Turkystan.kz

Әлеуметтік желіде белгілі актер Олжас Абай мен танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің құшақтасып, вальс билеп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар көңілді отырыста көңіл көтеру үшін достық ниетпен би биледі ме, жоқ әлде хайп жасау үшін осындай қадамға барды ма, белгісіз.

Тек мұны көрген желі қолданушылары сынап жатыр.

«Осы екеуінен шын қорқамын...», «Очаудың көзі Қайраттың жанарында тұр ғой… махаббат па бұл?» «Ерсі көрінеді екен», «Шығармайтындары жоқ — енді биге көшті ме?» деп түрлі қалдырған.

Өнер жұлдыздарының өзі әзірге бұл жағдайға қатысты түсінік берген жоқ.

Тэгтер:

би Актер Қайрат Әділгерей Олжас Абай әзілкеш вальс