Қостанайда кәсіпорын жұмысшыларына 56 млн теңге жалақы төлемеген

Бүгін, 10:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қарасу ауданының прокуратурасы жалақының төленуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарасу ауданы прокуратурасының сенім телефонына кәсіпорында 56 миллион теңге көлемінде еңбекақы берешегінің бар екені туралы хабарлама түскен.

Қадағалау органы араласқаннан кейін аталған берешек толық көлемде өтеліп, 160 қызметкердің еңбек құқықтары қорғалды және мүмкін әлеуметтік салдарлардың алдын алуға мүмкіндік туды.

Аудан прокуратурасы еңбек заңнамасы бұзылған жағдайда жұмысшылар мұндай мәселелерді шешу үшін сенім телефонына жүгіне алатынын еске салады.

Тэгтер:

жалақы Қостанай кәсіпорын еңбекақы берешек Қарасу