Апелляцияға арыз берген Арман Жұмагелдиевтің үкімі өзгеріссіз қалды

Бүгін, 10:22 / Алуа Арман
Ғаламтор

Алматыда көпшілікке «Дикий Арман» деген атпен белгілі Арман Жұмагелдиевтің апелляциялық арызы қаралды. Сот алқасы бірінші инстанция сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кетейік, 2025 жылғы 27 қаңтарда сот Қаңтар оқиғасына қатысты 44 айыпталушыға үкім шығарған еді. Олардың қатарында – қылмыс әлемінің авторитеті деп аталған Арман Жұмагелдиев, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген және ҰҚК-нің бесінші департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақов бар.

Сол кезде Жұмагелдиев қылмыстық топ құру, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу және 24 адамды ұрлау бойынша 20 жылға сотталған. Құдайбергенге жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және адамды заңсыз бостандығынан айырғаны үшін 8 жыл кесілді. Ысқақовқа – ұйымдасқан қылмыстық топ құру және өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым сала отырып, 15 жыл 6 ай жаза тағайындалды.

Дикий Арманның тағы 13 адымы 10 жылдан 15 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Топқа қатысы жоқ тәртіпсіздікке қатысушылар 1,5 жылдан 7 жылға дейін сотталды. Бірнеше адамға СИЗО мен үй қамақта өткізген уақыты есептеліп, сот залында босатылды.

Апелляциялық соттың шешімі

26 қарашада Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы негізгі айыпталушыларға қатысты бірінші инстанция үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Арман Жұмагелдиев Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша кінәлі деп танылды:

262-баптың 1-бөлігі 1-тармағы – «ҰҚТ құру және оны басқару»;

268-баптың 1-бөлігі – «Қарулы банда құру»;

272-баптың 1-бөлігі – «Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру»;

272-баптың 2-бөлігі – «Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу»;

28-баптың 3-бөлігі – 125-баптың 3-бөлігі – «Адам ұрлауды қылмыстық топпен ұйымдастыру»;

126-баптың 3-бөлігі 1-тармағы – «Адамды қылмыстық топпен заңсыз бостандығынан айыру».

Оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тэгтер:

үкім Дикий Арман апелляция Арман Жұмагелдиев