Түркістан облысында бір үйдің 7 адамы уланып қалған

Бүгін, 09:56 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Ақжар ауылында бес баланы қоса алғанда, жеті адам көміртек тотығымен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz сайты OTYRAR.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қараша күні таңертең болған. Қатты отынмен жағылатын пештен түтіннің шығуы және тартылудың болмауы себеп болған.

«Зардап шеккендер дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілді, олардың жағдайы орташа деп бағаланады», — деді ТЖД.

Үй иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандар қауіпсіздік талаптарын сақтауды, мұржаларды жүйелі түрде тазалап тұруды және көміртек тотығы датчиктерін орнатуды еске салады.