Жетісуда жоғалған балықшылар табылды

Бүгін, 07:54 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

Жетісу облысы Ақжар ауылынан 3 шақырым қашықтықта жоғалған балықшыларды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Нақтыланған мәліметтер бойынша 1988 жылы туған ер адам 22 қараша күні достарымен бірге Алматы қаласынан балық аулауға шығып, байланысқа шықпаған. Ер адамның хабар-ошарсыз қалғандығы жөнінде туыстары хабарлаған.

— Құтқарушылар кең аумақты, оның ішінде жету қиын жерлерді тексерді. Іздестіру шаралары барысында ТЖМ күштері Ақжар ауылынан 150 шақырым жерде ер адамдарды тапты. Олардың автокөлігі құмға батып қалған және олар өздері шыға алмаған, — делінген ақпаратта. 

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрып қалған көлікті жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарды.