Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 07:23 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 26 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Атырау, Шымкент, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Павлодар қалаларында болуы мүмкін, — делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.