Мобильді білім алуға құштарлар қатары артып келеді

Мобильді білім алуға құштарлар қатары артып келеді

Мобильді білім алуға құштарлар қатары артып келеді
ашық дереккөзі
Кселл" компаниясы мобильді білім беру жөніндегі "Digital Life" ауқымды жобасының екінші жылдық қорытындысын жариялады. Аталмыш сабақтарға алты мыңға жуық қазақстандық қатысқан екен. Екі жыл ішінде Қазақстанның 16 қаласынан 6,2 мыңнан астам адам қатысып, мобильді медиа, мобильді қауіпсіздік, мобильді білім беру, мобильді мемлекет, мобильді бизнес және басқа да тақырыптар бойынша 230 тегін шеберлік сабақтары өткізілді. "Интернет өмірге белсене араласуды бұрыннан қалайтынмын. Маған жаңалықтар, кітаптар, фильмдер мен музыканы интернеттен табуға болатынын айтты. Менің бүкіл әлем бойынша достарым көп, бірақ олармен үнемі байланыс жасап тұру мүмкін бола бермейді. Содан ұлым смартфон сыйлады. Тренинг кезінде Whatsapp пен Youtube қолдануды үйрендім" деді "Апашки, аташки и смартфон" курсының қатысушыларының бірі. Айтқандай, курсқа қатысушылардың қатысушылардың көпшілігі зейнеткерлер болған.