Алдағы тәулікте еліміздің 15 облысында ауа райы құбылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
26 қараша күні Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде, батысында тұман болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Қонаевта 26 қарашада оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінле, шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман болып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстансоққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 26 қарашада шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде 26 қарашада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 26 қарашада тұман түседі деп күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында тұман болады деп болжанады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданданындағы екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда 26 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда 26 қарашада күндіз аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ, тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Астанада 26 қарашада оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
26-28 қарашада Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. 26-28 қарашада облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Таразда 26-28 қарашада кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.