Алматы облысында әкесі қызын қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді

25 қараша, 2025 / Өтей Торғайұлы
Фото: Әсел Сағатованың желідегі парақшасынан

Алматы облысы Талғар ауданында 15 жастағы қызды әкесі пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір әкесі кінәсін мойындамай, қалған екі баласына ДНҚ тестін жасауды талап етіп, үйді бермей отыр. Ал марқұмның анасы несиесін өзі жауып, психологиялық және материалдық күйде қиын жағдайда қалған. Туыстары отбасыға қол ұшын созу үшін жинақ ашқан. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Оқиғаны желіге алғашқылардың бірі болып, туысы әрі блогер Әсел Сағатова жеткізді. Оның айтуынша, отбасыдағы кикілжіңдер бұған дейін де жиі қайталанып тұрған. Әйел қанша құзырлы органдарға жүгінсе де, күйеуі жауапқа тартылмаған, оны полиция алып кетіп, қайтадан үйіне жіберген. Ақыр соңында өз қызын 16 жерден пышақтап тастаған.

"Карантиннен кейін әкесі жұмыссыз қалған. Содан бері әйеліне масыл болған. Ішімдікке салынып, арақты көп ішкен. Енді қайғылы оқиға күні қызы екеуі ғана үйде қалып қойған. Ас бөлмесіне кірген кезде ыстық суға таласып қалған. Сол уақытта қызы тамақ әзірлеп жатқан екен. Әкесі “суды бер” деген, ал қызы суды тамаққа құямын деп таласқан. Қызы сол кезде "алқашсың" деп айтып қалған. Сөйтіп әкесі ашуға булыққан. Кейін қызын пышақтап тастаған. 16 рет пышақтаған, соның 4-еуі ауыр жарақат салған", – дейді зардап шегушінің жақын туысы Әсел Сағатова. 

Туысы ерлі-зайыптының ортақ 3 бала-шағасы бар екенін айтады. Марқұм болған ортаншы қызының жасы 15-те, ал оның алдындағы қызы 17-де, кенжесі ұл, 6-сыныпта оқиды дейді Әсел Сағатова.

"Бұған дейін балаларға және анасына моральдық және психологиялық тұрғыда көмек те берілді. Орталықтан жіберілген мамандар оқиға болған күннің ертесі бір-ақ рет келді де, кейін келген жоқ. Жалпы, бұл ерлі-зайыптының отасқандарына 20 жылға жуықтап қалған. Қайғылы оқиға Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылында болды", – дейді Әсел Сағатова.

Тэгтер:

Пышақ Алматы қыз әке