"Ғалымжанның жағдайы нашарлап кетті": Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жеген әншіге ота жасалды

25 қараша, 2025 / Өтей Торғайұлы

Бұл жайында журналист Жан Ахмадиев әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Күні кеше Мұқасан Шахзадаевтан аяусыз таяқ жеген Ғалымжан бауырымыздың қазір жағдайы нашарлап кетті. Оған ота жасалды. Қазір ол ауруханада жатыр", - деді Жан Ахмадиев.

Сондай-ақ жәбір көрген әншінің қорғаушысы заңгер Инга Иманбай полиция таппай жүрген Мұқасан Шахзадаевтың ұсталғанын растады.

"Тергеу әрекеттері басталды. Оған Ғалымжан мырза екеуіміз де қатысуымыз керек. Яғни, беттестіру деген сияқты іс-шаралар жүргізілуі керек. Бірақ қазір оның ауруханада жатуына байланысты біз оны сәл кейінге қалдырдық. Ал істің құрамына келетін болсақ, күдікті 107 баптың 2 бөлігі бойынша тексеріледі. Ол дегеніміз - адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы адамның денсаулығына қасақана зиян келтіру. Сол бойынша тергеу жүреді. Егер күдіктінің айыбы дәлелденетін болса, оны үш жылға дейін түрме жазасы күтіп тұр. Егер әдейі мотивпен алдын ала сөз байласу арқылы денсаулыққа зиян келтірілгенін және бірнеше күннен бері оның жауапкершіліктен қашып жүргенін ескерсек оған міндетті түрде түрме жазасы қолданылуы тиіс", - деді қорғаушы Инга Иманбай.

Тэгтер:

әнші Мұқасан Шахзадаев