Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
12-22 қараша аралығында Ирландияның Дублин қаласында өткен XIII Silk Road International Film Festival қорытындысы бойынша режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерлан Төлеутай «Үздік актер» жүлдесін иеленді. Сонымен бірге Парижде өткен қазақ киносы фестивалінде де актердің еңбегі жоғары бағаланып, «Үздік актер» атанды.
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі фильмнің шығармашылық тобына ұлттық кинематографияны дамытуға және қазақстандық өнерді шетелде насихаттауға қосқан маңызды үлесі үшін шынайы алғыс білдіреді", - делінген ведомство таратқан хабарламада.