Талдықорғанда полицейлер жасөспірімді қауіптен аман алып қалды (ВИДЕО)

25 қараша, 2025 / Өтей Торғайұлы
көрнекі сурет интернеттен алынды

Жас жігіт қаладағы көпірлердің бірінен секірмек болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақпарат бойынша оқиға орнына дереу патрульдік экипаждар барған.

"Полицейлер жасөспіріммен сабырлы сөйлесіп, психологиялық қолдау көрсетті. Әсіресе Эльдар Елюбаев пен Серік Танабаевтың кәсібилігі оның тынышталуына ықпал етті. Жасөспірім жақындауға рұқсат берген сәтте, қызметкерлер оны қауіпсіз жерге шығарды. Кейін ол кезекші психологтарға жеткізілді, мамандар қажетті көмекті көрсетті", - деп жазылған ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Осылайша полиция қызметкерлері бір өмірді құтқарып қалды.

Тэгтер:

Полиция Талдықорған