Мұқасан Шахзадаев ұсталды – Жан Ахмадиев

25 қараша, 2025 / Өтей Торғайұлы

Желіде Нұр-Мұқасан» тобына жаңадан қосылған Ғалымжан Сүлейменді ұрып-соқты деген күдікке ілінген әншінің ұсталғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайында Ғалымжан Сүлейменнің басындағы жағдайды елге жайған журналист Жан Ахмадиев мәлімдеді.

"Қайырлы күн, қасқыр мінез қазағым! Күні кеше бізге Мұқасан Шахзадаевтың ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалғаны жайлы ақпарат келіп түсті. Ғалымжан мырза да соңына дейін барамыз деп отыр. Мен оның әрекетін дұрыс деп санаймын. Сондай-ақ оның әділдікке жетуіне барымызды саламыз. Сіздерден де қолдау керек, қазақ елі", - деді Жан Ахмадиев әлеуметтік желіде.

Тэгтер:

Мұқасан Шахзадаев Жан Ахмадиев