«Жаңа мамама өте ризамын»: Дәурен Айдарқұлов үшінші енесі туралы айтты

Бүгін, 15:03 / Алуа Арман
Ғаламтор

Белгілі әзілкеш, актер Дәурен Айдарқұлов Аман Тасығанның «Талқылайық» подкастына сұхбат беріп, үшінші енесімен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Солтүстіктің оңтүстікке көзқарасы ерекше ғой. Меніңше соның әсері болды. «Әй, қызым, оңтүстікке кетіп барасың. Алматыда тұрсаң да, анау жігіттің әке-шешесі Шымкенттікі» дегендей уайым болды. Жаңа мамаммен «Таңертең тұрып, үйдің алдын сыпыру керек пе?» дегендей әңгіме болды. «Уайымдамаңыз, ата-анам заманауи адамдар» деп түсіндірдім. Қазір қызы қауіпсіз жерде екеніне көзі жетіп жатыр деп ойлаймын. Анам Астанаға барғанда таныстық жақсы өрбіді. Негізі енеме өте ризамын. Әйелім маған «сіз» деп сөйлейді. Енем 1960-шы жылдардың адамы», - дейді ол.

Актер сондай-ақ бұрынғы әйелдерінен туған бес баласымен қарым-қатынасы туралы да айтты.

«Алимент төлеп жатырмын. Бірінші жұбайымнан туған үш балам аналарымен бірге Малайзияда тұрып жатыр. Куала-Лумпурда білім алып жатыр. Мамалары жағынан да балаларға қаржылай көмек болып жатыр. Баланс бар. Ақботадан туған екі балам менімен, әке-шешеммен жер үйде бірге тұратын. Ақбота үнемі түсірілімде жүреді. Бала күтушімен тұру қиын, балалар туыстарының махаббатын сезе алмайды. Менің анам алғашқы үш баламды да тәрбиелеп шығарған. Ақбота, анам үшеуміз ақылдасып сондай шешімге келдік. Балалар менің ата-анаммен, қарындасыммен тұрғаны дұрыс дедік. Ақботаның үйі ата-анамның үйіне жақын. Демалыс күндері балаларды өзіне алып кетеді. Мен де төрт жыл Сауд Арабиясында тұрдым. Ақботадан да алысқа кеткенмін. Бірінші отбасым болсын, екінші отбасым болсын, балалармен баланс барлық жерде бар. Видеобайланыспен Малайзиямен сөйлесіп тұрамыз. Қаңтар айында Малайзияға балаларға баруды жоспарлап отырмын. Кіші балаларымды алып барсам ба деген ойым бар. Балаларыма әлеуметтік, қаржылық, рухани, барлық жағынан көмектесіп тұрамын», - деді ол.

Тэгтер:

Бала Ажырасу Үйлену Дәурен Айдарқұлов үшінші әйел некелесу