«Бұрын тұрмыс құрмаған, 15 жас кіші»: Дәурен Айдарқұлов үшінші жұбайы туралы бар шындықты айтты

Бүгін, 13:38 / Алуа Арман
Ғаламтор

Жақында үшінші рет үйленген белгілі актер, танымал әзілкеш Дәурен Айдарқұлов Аман Тасығанға берген сұхбатында қазіргі келіншегі туралы бар шындықты айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Менің тарихым керемет емес. Екі рет ажырасқан, бес баласы бар. Кім тиеді, кім тұрмысқа шығады деп ойлайсың ғой. Алдында тұрмыс құрмаған. Алланың қалауымен сондай жар кездестірдік. Ешкім білмейтін фактіні айтайын. Бірінші Тредсте көрдім, кейін инстаграм, ватсапта әңгімеміз жалғасты. Ол шілденің 19-ы болатын. Некемізді қыркүйек айының 26-сында қидық. Сол күні ғана мен оны бірінші рет өмірде көрдім. Астанадағы бас мешітте бір-бірімізді бірінші рет бетпе-бет көрдік. Алдында сөйлестік, құндылықтарымызды түсіндік, сәйкес келіп жатты. Бірақ офлайн деген басқа ғой. Қазір бірге өмір сүріп, бір-бірімізді танып жатырмыз. Өте қызық болып жатыр. Біз үшін бұл қалыпты. Ешқандай кемшілігін көріп жатқан жоқпыз. Жасы 28-де. Арамыз 15 жас. 1997 жылғы. Кемеліне келген қыз. Жас айырмашылығы бір-бірімізді түсінуге кедергі келтірмейді. Жұмыс істейді. Компьютермен IT компанияда онлайн жұмыс істейді», - деді ол.

Тэгтер:

Үйлену неке Дәурен Айдарқұлов үшінші әйел