Өзінің орны мен ер адамның орнын түсіне алатын адамды таптым – Дәурен Айдарқұлов

Бүгін, 13:22 / Алуа Арман
Ғаламтор

Танымал актер, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов Аман Тасығанның «Талқылайық» подкастына сұхбат беріп, өзінің қандай адам іздегенін және қандай адам тапқанын баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мен бес жыл бұрын хиджабтағы қызды іздеп жүрмін деп айттым ғой. Кейіннен ол сипаттама өзгерді. Менің түсінгенім – хиджаб болғаны емес, жүрек қандай болғаны маңызды. Қыз намаз оқымаса да, тәрбиесі жақсы болса, намаз оқыған адамнан дәрежесі әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Мен сол нәрсеге көп назар аудара бастадым. Ең жақсы өмір – тыныш өмір екеніне көзім жетіп, сондайға жақын адам іздей бастадым. Экранда мен образға кіремін. Ал өмірде өте сабырлы адаммын. Сол себепті өзіме ұқсас адам іздедім. Үлкендерді, ер адамдарды қатты сыйлайтын, өзінің орнын және ер адамның қандай орында болуы керектігін түсіне алатын адамды іздей бастадым. Аллаға шүкір, соны таптым деп ойлаймын. Ендігісін уақыт көрсетеді. Сондай құндылықтар қосты», – деді актер.

 

 

 

Тэгтер:

Үйлену жар Дәурен Айдарқұлов үшінші әйел некелесу