Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов Аман Тасығанға сұхбат беріп, үшінші жарымен қалай танысқанын, қалай үйленгенін айтып берді, деп жазады turkystan.kz.
«100 пайыз өз қалауымдағы адамды таптым. Дұға жасадым. Бәрі ойдағыдай. Бұған дейінгі өмірімде толқындар көп болды. Бұл жарыммен танысқаннан бергі өмірім бір қалыпты. Ең үлкен құндылық – тыныш өмір ғой. Сол тыныш өмірге жеттік деп ойлаймын. Соның рахатын көріп жатырмыз. Соның басты себепкері – жұбайым. Есімі – Жұлдыз. Тредс желісінде таныстық. 2020 жылдан бастап іздедім. Біреулер таныстырады, болмайды. Былай танысасың, болмайды. Содан кейін Тредс қосымшасы пайда болды. Соны зерттеп, қарап жатқан кезімде өзіме ұнайтындай аккаунттарды қарап жатқан кезде Тредстің өзі маған кімді ұсыну керегін түсіне бастады. Сонымен тек қана оралған қыздар бірінен кейін бірі шыға бастады. Содан кейін «Амансыз ба?», «Тұрмыстасыз ба?» деп ақырын сұрайсың. «Иә» десе жоламайсың. Бұл кісімен танысқандла әңгіме деген таңға дейін кетті. Қыз Астана қаласынан болатын. Екі аптадан кейін мен Астанаға барып, туған ағасымен танысып, ағасының алдынан өттім. Әкесі 2016 жылы қайтыс болған. Ағасымен сөйлесіп, келісіп, әрі қарай некемізді, ұзатуды жоспарлай бастадық», – дейді ол.