Алматыда басталған "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында әкімшілік полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалымен айналысатын автобусты тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру барысында аталған көлік құралынның иесінде шамамен 3 миллион теңге көлемінде төленбеген әкімшілік айыппұлдар бар екені анықталды.
Автобус арнайы айыптұрағына қойылды.
Біз "Борышкер" жедел алдын алу шарасы шеңберінде тексерулерді жүйелі түрде жүргіземіз. Біздің міндет – тек құқық бұзушыларды анықтау емес, азаматтардың жауапкершілігін арттыру. Әрбір төленбеген айыппұл – бұл жолда тіркелген құқық бұзушылықтың айқын белгісі, – деді Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.