Балаларын қуантамын деп: Швеция тұрғыны мұрнына 81 шырпы тығып әлемдік рекорд орнатты

Бүгін, 19:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: guinnessworldrecords.com

Швецияда ерекше жағдай болды: 42 жастағы Мартин Стрёби балаларын қуантамын деп, әлемдік рекорд жаңартты. Оның екі баласы Guinness World Records кітабын қарап отырып, әкесін сол тізімнен көргісі келетінін айтқан. Мартин бастапқыда өзін ештеңеден әлемдегі ең мықты деп санамағанымен, ақырында балалардың арманы орындалды, деп хабарлайды turkystan.kz guinnessworldrecords.com-ға сілтеме жасап.

Тамыз айында ол мұрнына бірден 81 шырпы тығып, ресми түрде рекорд орнатты. Бұған дейінгі рекорд – 68 шырпы. Мартин рекорд орнату туралы ойға қалай келгенін былай түсіндіреді: «Қарап отырсам, ғажайып рекордтар көп екен. Біреуін өзгертуге менің де шамам келеді деп ойладым. Сөйтіп, іздей бастадым».

Алдымен ол мұрнының бір тесігіне 35 шырпы тығып көрген.

Содан кейін мұрным жақсы созылатынын және ауырсынуға төзе алатынымды түсіндім. Бірақ техника табу қиын болды: үш шырпы салсам, бір-екеуі түсіп қалады. Бірнеше рет жаттығып, ақыры ең тиімді тәсілді таптым, – дейді ол.

Рекорд сыртта, арнайы дайындалған жерде жасалды. Жиналған жұрт таңырқап қараса, Мартин үшін ең маңыздысы балаларын таңғалдыру еді.

Балаларым мені әкеме қарағандай үлгі тұтса деймін. Оларға табиғаттың, математиканың қызығын үйретемін, сонымен бірге мейірімді болуды. Сол үшін олардың көзінде "қызық әке" болғым келді, – дейді ол.

Балалары шынымен қуаныпты. Бірақ бір сұрақ мазалаған: әкелері "қарапайым мұрнына" қалайша 81 шырпы сыйғызды?

Тэгтер:

рекорд Гиннесс рекордтар кітабы шырпы