Қырғызстанда сайлау үгіт-насихаты жекеменшік телеарналарда жүргізбейді

Қырғызстанда сайлау үгіт-насихаты жекеменшік телеарналарда жүргізбейді

Қырғызстанда сайлау үгіт-насихаты жекеменшік телеарналарда жүргізбейді
ашық дереккөзі
Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы жекеменшік телеарналарда сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбеуді ұсынып отыр. Комиссия мүшесі Назарали Ариповтың айтуынша, сайлау процесі кезінде үміткерлердің барлығының құқығы тең болу үшін осындай ұсыныс жасалды.
Мұндай ұсыныс дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып жасалған. Мысалы, Жапонияда үміткерлердің сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстары тек қана мемлекеттік телеарналарда жүреді, дейді Арипов. Өйткені үміткерлердің барлығының жекеменшік телеарналарда насихат жасауға қаражаты жетпеуі мүмкін. Дегенмен ОСК-ның кейбір мүшелері мұндай ұсынысқа қарсылық білдірді. Олар мұндай ереже үміткерлер мен сайлаушылардың құқықтарын шектейді деп есептейді. Соған қарамастан ОСК ұсынысты қабылдады. Биыл күзде Қырғызстанда президенттік сайлау өтеді. Елде жиырма шақты жекеменшік телеарна бар.