Жүзуші Ғалымжан Балабек Қазақстан рекордын жаңартты

Бүгін, 09:29 / Інжу Әлихан
olympic.kz

Қазақстандық жүзгіш Ғалымжан Балабек Беларусьте өткен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 200 метрге еркін стильде жүзуден үшінші нәтижені көрсетті.

Балабек қашықтықты 01:45.68 уақытта жүзіп өтті. Осылайша ол Қазақстан рекордын жаңартты.