Шымкент қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел іс-шаралары барысында синтетикалық есірткі затын тасымалдаған күдікті қамауға алынды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел іс-шаралар барысында Алматы қаласы тұрғынының басқаруындағы Hyundai Elantra маркалы автокөлігі тоқтатылды.
— Тексеру барысында автокөлік салонынан скотчпен оралған полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Оның ішінде жалпы салмағы 1 келі психотроптық зат болған. Аталған заттың Шымкент қаласы аумағында жасырын орындарға қою арқылы таратуға арналғаны анықталды, — делінген Шымкент қаласы полиция департаменті таратқан ақпаратта.