Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Бүгін, 05:22 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қазгидромет 25, 26 және 27 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарашаның аяғында еліміздің оңтүстігінде жылы әрі шуақты ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +13…+18°С болады.

"Ал солтүстік өңір тұрғындарын жауын-шашын күтіп тұр. Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның солтүстік бөлігіне тез жылжып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, жел және көктайғақ әкеледі", – деді синоптиктер.

Қазгидромет мәліметінше, солтүстік аймақтарда да температура біршама жылы болады: түнде 0…–5°С, күндіз 0…+5°С.