«Семей» өз алаңында Польша клубы «Пястпен» Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аслан Смағұлов алаңға мына құрамды шығарды: Джайме, Марсело, Турегазин, Кандидо, Дедезиньо — Атанаев, Игита, Кнауб, Абдуманапұлы, Родригиньо, Пиялы, Бруно Гомес, Педро Энрике, Герейханов.
Төртінші минутта-ақ Дедезиньо есеп ашты, бірінші таймда басқа гол болмады. Екінші таймда семейліктердің басымдығын Камиль Герейханов (21-минут) арттырды, кейін Дедезиньо дубль жасады (35-минут). Алайда Тейшейра Друммонд Ланса (35 және 36-минуттар) екі гол соғып, айырмашылықты қысқартты, ал соңғы минутта Мартинс Граса есепті теңестірді — 3:3.
Қарымта ойын 5 желтоқсанда Гливицеде өтеді. Оның қорытындысы бойынша ширек финалға жолдама алған команда анықталады. Келесі кезеңге өткен команда «Йорринг» (Дания) — «Этуаль» (Франция) жұбының жеңімпазымен кездеседі.