Ерлан Қарин: Кейінгі 7 жылда еліміздің азаматтығынан шығуға берілген өтініштер саны 25 есе азайды

Бүгін, 17:30 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды.

Мемлекеттік кеңесші кейінгі 7 жылда еліміздің азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны тұрақты түрде азайып келе жатқанын атап өтті.

Мысалы, соңғы 7 жылда азаматтықтан шығуға берілген өтініштер саны 25 есе азайды. 2019 жылы 1,7 мың адам азаматтықтан бас тартса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы – 107, 2024 жылы – 77, ал 2025 жылы 68 адам азаматтықтан шыққан.

Мұның бәрі Қазақстан азаматтығы институтының абырой-беделі артып келе жатқанын көрсетеді. Елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай мен Мемлекет басшысының реформалары тұрғындарға зор сенім ұялатып отыр.