Ақмола облысында 11 мың оқушы қашықтан оқуға көшірілді

Бүгін, 17:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

Бүгінде өңірде ЖРВИ жұқтырғандар санының көп болуына байланысты 533 класс қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 56 мектеп, яғни 533 класс-комплект қашықтан оқыту форматына көшірілді. Бұл – 11 223 оқушы.

Ең көп оқушы Көкшетауда онлайн-оқытуға ауыстырылды — 23 мектептің 252 класы. Бұл – 5851 оқушы. Екінші орында – Қосшы қаласы: жеті мектептің 98 класы, яғни 2201 оқушы қашықтан оқуға жіберілді. Антилидерлер қатарында Атбасар ауданы да бар – 11 мектептің 79 класы үйден оқып жатыр. Бұл – 1585 оқушы.

Ерейментау ауданында 37 класс, Аршалы ауданында – 27, Сандықтау ауданында – 18, Целиноград ауданында – 17 класс онлайн-оқуға ауыстырылды. Қорғалжын ауданында үш класс, Бурабай ауданында екі класс қашықтан оқуда.

Бұған дейін Ақмола облысында шамамен 8 мың оқушының қашықтан білім алып жатқаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, Қазақстан мектептері ЖРВИ өсіміне байланысты қашықтан оқытуға көшіп жатыр. Өскеменде 132 класс, Қостанай облысында 74 класс, Тараздағы тоғыз мектеп және Павлодар облысындағы 150 класс онлайн-оқуға ауыстырылған.

Тэгтер:

мектеп оқушы қашықтан оқыту