Ауыр дертке шалдыққан әйгілі актердің миын әйелі қайырымдылыққа бермек

Бүгін, 18:30 / Ербұлан Қайрат
сурет: instagram.com/demimoore

Ауыр дертке шалдыққан актер Брюс Уиллистің әйелі Эмма Хеминг күйеуінің қайтыс болғаннан кейін оның миын ғылымға тапсыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы The WP Times жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Хеминг мұндай шешімнің эмоциялық тұрғыдан өте ауыр болғанымен, Уиллистің диагнозын тереңірек зерттеу үшін маңызды қадам екенін айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда актерге тәулік бойы күтім қажет. Жақындары Уиллистің жағдайы нашарлағаннан кейін өлім туралы әңгімелер отбасының күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналғанын мойындайды.

2023 жылдың ақпанында оның отбасы бастапқы диагноз нақты болмағанын, кейін Уиллистен деменция анықталғанын хабарлаған еді. Бұл ауру адамның когнитивтік қабілеттерінің біртіндеп жоғалуына әкеледі. Соңғы уақытта актер туған анасын да, бұрынғы жұбайы Деми Мурды да танымай қалған.

Брюс Уиллистің Мурдан туған үш қызы бар: Скаут, Румер мен Таллула. 2009 жылы актер өзінен 23 жас кіші фотомодель Эмма Хемингге үйленді. Екеуінің Мейбел Рей және Эвелин Пенн есімді екі қызы бар.

Тэгтер:

Актер ми