Басқаның мүлкін қасақана бүлдірген азаматтар 10 млн теңге айыппұл төледі

Бүгін, 16:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

2025 жылдың басынан бастап бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 206 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 123 адам қамаққа алынды, 83 адамға жалпы сомасы 10,6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мысалы, ағымдағы жылдың 2 қарашасында сағат 11.30 шамасында астаналық тұрғын «Сенім» тұрғын үй кешенінің кіреберісінің бірінде лифттегі бейнекамераны қасақана зақымдап, 30 мың теңге сомасына шығын келтірген. Ол 20 тәулікке қамаққа алынды.

Осындай оқиға 4 қарашада сағат 04.30 шамасында орын алған. 38 жастағы қала тұрғыны мас күйінде елорданың тұрғын үй кешенінің бірінде лифтінің есігіне зақым келтірген. Ол 15 тәулікке қамаққа алынды.

Прокуратура қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық және айналасындағыларға сыйламаушылық білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделгенін назарға салады.

Тэгтер:

Айыппұл бөтеннің мүлкін бүлдіру