Балуан Шадияр Пернеш Сурдлимпиада чемпионы атанды

Бүгін, 14:12 / Алуа Арман
Ұлттық сурдлимпиадалық комитет

Токиода өтіп жатқан XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындар аясында еркін күрестен сайыстар өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды: бір «алтын», бір «күміс» және үш «қола», деп хабарлайды turkystan.kz.

65 келіге дейін салмақ дәрежесінде Шадияр Пернеш Сурдлимпиада чемпионы атанды. Финалдық белдесуде ол ирандық Кейван Ростамабадиді 4:2 есебімен жеңіп, Қазақстанға осы күрес түрінде жалғыз алтын медальді алып келді. Шиеленісті финал соңында Пернеш өз эмоциясын жасырмады. Оның айтуынша, бұл алтын — өзінің спорттық жолындағы «ең көп күткен әрі ең қымбат» жеңісі.

57 келіге дейін салмақта финалға шыққан Габит Есжанов ирандық Мохаммад Шиавошимен белдесіп, 6:15 есебімен есе жіберді. Осы нәтижемен ол Сурдлимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан қоржынына үш қола медаль түсті:

97 келіге дейін салмақтағы қола белдесуінде Бексұлтан Малайдар ирандық Ерфан Саттариге жол берді.

Тэгтер:

Еркін күрес Балуан Сурдлимпиада