Степногорскте борышкерлерден 23 млн теңге алимент өндірілді

Бүгін, 12:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Степногорск қаласының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік саладағы заңдылықты сақтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алимент төлеуден қасақана жалтарған екі борышкер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылып, оларға 300 сағаттық қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, жеті борышкер ӘҚБтК–нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 2-ден 5 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алынды. 

Биыл қадағалау шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 23 млн теңгеден астам мөлшерінде алимент өндірілді. 

Прокуратура екі жеке сот орындаушыларының қызметінде табыстарын төмендетіп көрсету арқылы салық төлеуден жалтару түрінде бұзушылықтарды анықтады. Қадағалау актісінің нәтижесінде олардан бюджетке 855 мың теңге өндірілді.

 Қолданыстағы заңнаманы бұзғаны және жұмыстағы олқылықтары үшін алты сот орындаушыға тәртіптік жаза қолданылды.

Прокуратурамен қабылданған шаралар азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, сот актілерінің орындалу тиімділігін арттыруға және сот орындаушылары қызметіндегі заңдылықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Тэгтер:

алимент Степногорск өндіру