Қостанай облысында 1300 оқушы қашықтан оқуға көшірілді

Бүгін, 12:07 / Алуа Арман
istockphoto.com

Рудный мен Қашарда ЖРВИ мен тұмаудың өршуіне байланысты 1300 оқушы қашықтан оқытуға ауыстырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қалалық білім бөлімі таратқан ақпаратқа сәйкес, 24 қарашадағы жағдай бойынша 52 класс қашықтан оқуда, ондағы оқушылар саны – 1301.

Еске сала кетейік, күзгі суықтардың басталуымен Қазақстанда гонконг тұмауының – алғаш рет 1968 жылы анықталған A (H3N2) тұмау вирусының түрінің – жағдайлары күрт өсуде. Әдеттегі маусымдық тұмаудан айырмашылығы, бұл штамм аурудың әлдеқайда ауыр өтуіне және тез таралуына әкеледі.

Тэгтер:

мектеп Қостанай облысы оқушы қашықтан оқу қашықтан оқыту